2019 жылы 26 сәуірде Екібастұз медициналық колледжінде Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған кездесу өтті.
Кездесуге еңбек ардагері, “Братство” славян этномәдени бірлестігінің төрайымы А.И. Аксенова және “Зірка” украйындық жастар тобы шақырылды. I курс студенттері А.И. Аксенованы тындап, Екібастұз қаласындағы Достық Үйінің жұмысы туралы ақпарат алды. Әңгіме “Зірка” тобының әндерімен сүйемелденді. Жас ұрпақтың еңбек ардагерімен кездесуі өте қызықты жэне көңілді өтті.